Бармысың қазағым?

Бармысың қазағым? Армысың деуге батылым бармай отыр.

Өзіме армысың деуге жүрек шыдамай.

Іштегі шоқ күйдіріп барады.

Ол айтады: "Қалайша арлы боласың, амалын таппасаң, жоқты бар етпесең, басын қоспасаң, оза шаппасаң?

Осыны жасамай тұрып қалайша арлымын деп айтасың? дейді.

Үнсіз келістім.

Бірақ, көмусіз қалсам да қылышымды сермеп қалам.

Әруақтар сыр айтады оны ұқсам, дүниені дүбірлетіп жарып шығам...

Тәңірі мен жағында, оны білем.

Қалың жаудың ортасынан, жастығымды ала кетем

***

Бөрілі байрақты көтереміз дедік.

Ол үшін бірлік керек.

Төл рухымызды насихаттау үшін қор құрамыз.

Ойға алған істі қаржыландырып, оны жарнамалаймыз.

Елді өз жағымызға тартамыз.

Насихат жағынан жат идеологиядан басып озбайынша, біз жастардың санасына жете алмаймыз.

Уақыт өте береді. Баяулар ұтыла береді.

Қордың басшылығы арда азаматтар болады.

Басшылыққа бұл қоғамдық жүктеме болады.

Басында ешкім айлық алмайды. Кейінгісін көре жатармыз.

Жиған-терген қаражат - материалдарды жасауға, насихат пен жарнамаға жұмсалады.

Елім деген сенімді азаматтар, ар алдында, әруақ алдында адал қызмет етеді.

Қорға атсалысам дегендер хабарлассын

+7 747 500 85 50 whatsapp арқылы байланыс

+7 778 090 54 22

+7 705 284 89 99

 

https://twitter.com/NHLOJKbpQBGHOec - Twitter парақшам

https://www.instagram.com/shuyldaqshadyrman/  - Instagram парақшам

https://www.facebook.com/profile.php?id=100050346787344  - Facebook парақшам

https://www.youtube.com/user/Mukhtar2011  - Youtube каналым

 

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес